Ақмола облысында шетелден келіп тіркелген 29 миссионер бар

2023 жылы Ақмола облысында 7 миссионер тіркеуден өтіп, куәлік алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде екі жүзге жуық діни бірлестік бар көрінеді.

Облыста 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 90 - ислам, 46 - православтық, 41 - протестант, 11 - католиктік бағыттағы, 1 - Бахаи діні және 1 - Ақмола облысының Кришна Сана қоғамы. Жалпы діни нысандар саны – 152. Оның 89-ы мешіт, 29-ы православтық шіркеу, 12-і католик шіркеуі және 22 протестанттық дұға үйлері, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.

Жергілікті құзырлы органның мәліметіне сай, аймақта уағыз жүргізетін 29 миссионер бары анықталған. Оның ішінде 19 адам - Польша, 5 - Филиппин, 1 - Қазақстан, 1 - Ресей, 1 - Германия, 1 - Швейцария және бір Италия азаматы тіркелген.

Барлық 29 миссионер католицизмді уағыздайды. Жыл басынан бері миссионерлерді тіркеу, куәлік беру бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы