Ақмола облысында шетел азаматтары құтқарылды

Түнде Астанадан Қарағандыға бара жатқан шағын автобус ақаулық себебінен Аршалы ауданындағы ауылдар арасында тоқтауға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Ішінде болған 10 адам, оның ішінде 1 баланы ТЖМ құтқарушылары эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес еді, - делінген хабарламада.

Көрші елдердің құтқарылған азаматтары Қазақстан құтқарушыларына алғыстарын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы