Ақмола облысында шаруашылық құрылысы өртенді

Ақмола облысы Ақкөл қаласындағы жеке тұрғын үйлерінің бірінің аумағында шаруашылық құрылысының өртенуі орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. 2 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт шақырту түскен сәттен бастап 29 минут ішінде өртті жойды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомствоның хабарламасында.

ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Өзгелердің жаңалығы