Ақмола облысында шаруашылық құрылыс өртенді

Ақмола облысы Астрахань ауданы Каменка ауылында шаруашылық құрылыс өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, өрт жеке тұрғын үйдің шатырына көшкен.

Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, жалпы ауданы 186 шаршы метр болған өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - деп атап өтті ведомстводан.

Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы