Кеше 2026, 22:53 Фото: freepik

Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Ақмола облысындағы Бестобе елді мекеніндегі алтын өндіретін шахтаға заңсыз кірген үш іздеуші түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 наурызда Бестөбе поселкесіндегі шахтаның төменгі деңгейінде заңсыз кірген үш адам жарақат алды. Оқиға салдарынан бір ер адам қайтыс болды, екеуі медициналық мекемеге жеткізілді, - делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.