12 Қыркүйек 2026, 19:50 Фото: pixabay

Ақмола облысында қатты жел балықшыны көл ортасына алып кеткен

Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ақмола облысының Биржан сал ауданындағы Жүкей көлінде балық аулап жүрген ер адам қатты желдің салдарынан қиын жағдайға тап болды.

1964 жылы туған ер адам резеңке қайықпен көлде жүрген кезде жел күшейіп, қайықты жағадан алыстатып әкеткен. Өздігінен жағаға қайта алмай қалған балықшыға Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы көмекке келді.

Құтқарушылар ер адамды аман-есен жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.