Ақмола облысында қару сақталған қойма табылды

40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы сәтті арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан үш қарудан тұратын арсенал табылды. 

Тінту шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркіледі. ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада.

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы