Ақмола облысында қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды

Ақмола облысында қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, түнде Целиноград ауданында жеңіл автокөліктегі 2 балықшы мен жүк көлігінің жүргізушісі қар құрсауында қалып қойған.

Көмекке ТЖМ және ЖАО қызметкерлері келді. Жолды К-700 техникасының көмегімен тазалап, автокөліктерді сәтті сүйреп шығардық. Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен және қар көлігімен құтқарылғандарды жолсыз жерден жақын маңдағы елді мекенге дейін шығарып салды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ер адамдар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы