Ақмола облысында қант бағасын негізсіз қымбаттатқандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бағаның өсуіне және қантты сату нарығындағы дүрлігуге байланысты Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент өңірдегі қантты көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы бойынша екі ірі көтерме сауда сатушысының іс-әрекетінде бағаны белгілеу және (немесе) ұстап тұру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды, - деінген хабарламада.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы 1-тармағының негізінде осы тауар нарығында үстем жағдайға ие екі көтерме сауда жеткізушісінің атына қант бағасын негізделген деңгейге дейін төмендету қажеттілігі және алдағы уақытта осындай әрекеттерді болдырмауы туралы хабарлама жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы