Ақмола облысында полиция есірткі сатушыдан 18 келі гашиш тәркіледі
Ақмола облысының елордаға жақын аудандарының бірінде полицейлер кезекті есірткі сатушының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Ақмола облысының елордаға жақын аудандарының бірінде полицейлер кезекті есірткі сатушының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Ұзақ мерзімді жедел жұмыстардың нәтижесінде күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 18 килограмнан астам гашиш тәркіленді.
Бұл операцияға полиция департаментінің қызметкерлері мен 5573 әскери бөлімінің кинологтары Макс, Рич және Самурай есімді қызметтік иттермен қатысып, іздестіру және анықтау шараларында маңызды көмек көрсетті.
Тінту барысында төрт аяқты көмекшілер күдіктінің үйінен тыйым салынған зат салынған қапты, сондай-ақ тіркелмеген қаруды тауып, полицейлерге үлкен жәрдемін тигізді.
Зерттеу барысында күдіктінің есірткіні сақтап қана қоймай, оны сатумен де айналысқаны анықталды.
Полиция қызметкерлері алдын ала оралған есірткілер мен қажетті құралдарды тәркілеп, оның тұрғылықты жерін “есірткі дүкеніне” айналдырғанын айғақтады.
Қазіргі уақытта аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
48 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
- Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы төбелес: полиция істің мән-жайын жариялады 10:19
- Түркияның Мугла провинциясында жол апатынан кейін көлік өртеніп, екі адам қаза тапты 09:52
- Доллар, еуро, рубль: 15 қарашада Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы 09:17
- Теннис: Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті 08:53
- Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталып, оған академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді 08:35
- Қостанай тұрғынынан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіленді 08:07
- Ұлттық валюта күні: Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі 07:56