31 Шілде 2026, 22:35 Фото: unsplash.com

Ақмола облысында өзенге секірген 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Қайғылы оқиға 30 шілде күні Есіл ауданына қарасты Қалашы ауылының маңында болған.

 

 
Ақмола облысында Есіл өзеніне секіріп, қаза тапқан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны биік жардан өзенге секірген. Алдын ала болжам бойынша, ол суға түскен кезде басын су астындағы тасқа соғып, есінен танып қалған. Кейін денесін өзен ағысы алып кеткен.

Іздестіру жұмыстары оқиға болған күні басталған. Алайда өзеннің қатты ағысы сүңгуірлердің жұмысына кедергі келтірген.

Марқұмның денесі бүгін суға кеткен жерден шамамен 200–250 метр төмен жерден табылып, жағаға шығарылды.