Ақмола облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

ТЖМ құтқарушылары өрт орнынан екі газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ақмола облысы Ақкөл ауданында Домбыралы ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрылыс өртенген.

Өрт орнына жедел жеткен құтқарушылар 30 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер 27 литрлік екі газ баллонын алып шықты, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына және газ баллондарының жарылуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы