Ақмола облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Ақмола облысының өрт сөндірушілері оттан 2 газ баллон шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Максимовка ауылы Нұрлы Жол көшесі бойында жеке тұрғын үйде өрт шығып от шаруашылық құрылысына ауысты.
ТЖМ күшімен өрттен екі газ баллоны шығарылды. Өрт 176 шаршы метр алаңда сөндірілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы