Ақмола облысында өрт кезінде бес газ баллоны шығарылды
Ақмола облысында өрт сөндірушілер өрт кезінде бес газ баллонын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, Целиноград ауданының Талапкер ауылында жеке тұрғын үйдің бірінде 100 шаршы метр алаңда өрт шыққан.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында оттан 5 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Өрт толықтай сөндірілді, бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда, - делінген ақпаратта.
ТЖД азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қуыршақтар шеруі өтті
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы