Ақмола облысында неге сақалды құрылыстар көп? Өңір әкімі жауап берді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірде неге сақалды құрылыстардың көп екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОКҚ-дағы брифингте «Құрылысы ұзаққа созылған нысан жұмыстарымен қалай күресіп жатырсыздар. Мысалы Красноярск трассасындағы мектеп биыл ғана ашылды. Нысан 5-6 жыл салынды. Аймақта ондай нысандар көп...» деп сұрақ қойды журналист.

Сараптама бойынша айтсам, облыста мерзімі өтіп кеткен және сапасыз 68 нысан бар. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанды салған және оны қабылдаған адамға міндетті түрде әкімшілік жауапкершілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылады, - деді Марат Ахметжанов.

Әкім неге сақалды құрылыстардың жұмысы ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді.

Мердігер тендерді ұтып алып, жұмысты қосалқы медігерге беріп қояды. Қаржының жартысын алып қалған фактілер бар. Екіншіден, сапасыз жұмыс қабылданбай қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандар бар... Дер кезінде жұмысты бастамай құрылыс құрал-жабдықтарды қымбаттап, қосымша қаражат сұрап жатқан медігерлер кездеседі. Бастысы, осы кемшіліктерді жойып, болашақта алдын алуымыз керек, - дейді Ақмола облысының әкімі.

Бұған дейін өңір әкімі Ақмола облысына қанша теңге инвестиция тартылғанын айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы