25 Қазан 2023 2023, 20:45
Фото: Ақмола облысының әкімдігі
Ақмола облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Бүгін облыс орталығында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін облыс орталығында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, қаланың құрметті азаматтары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты. Туды көтеру мемлекеттік Әнұранның орындалуымен қатар жүрді.
Айта кетейік, іс-шара облыстың барлық аудандарында өтті. Облыста Республика күнін мерекелеу аясында барлығы екі мыңнан астам іс-шара өтті.