Бүгiн 2026, 17:21
Фото: pixabay.com
Ақмола облысында медицина қызметкері әскерге шақырылушыларға жалған диагноз берген
Ол үш адамды 1,2 млн теңгеге алдаған.
Ақмола облысында алаяқтық жасады деген күдікпен медицина қызметкеріне қатысты үш қылмыстық іс қозғалды. Ол әскерге шақырылушыларға ақшалай сыйақыға мерзімді әскери қызметтен жалтаруға көмектесемін деп уәде берген, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 17 наурыз күні аудандардың бірінің полициясына үш азаматтан арыз түскен. Олардың айтуынша, өткен жылдың соңында өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған ер адам әскерден босататын «қажетті» диагноз алып беруге уәде еткен. Қызметі үшін күдікті 1 200 000 теңгеден астам ақша алған, алайда не құжаттарды, не ақшаны қайтармаған.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті медициналық пункттердің бірінің қызметкері болып шықты. Қазіргі уақытта үш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ оның осыған ұқсас басқа да жағдайларға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп мәлімдеді полиция департаментінен.
Полицияда арызданушылардың әрекеттеріне де құқықтық баға берілетінін атап өтті: әскери қызметтен заңсыз жолмен жалтаруға тырысу да жауапкершілікке әкелуі мүмкін.