Ақмола облысында мас жүргізуші жол камераларына түсіп қалған

Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы жылдың 27 қаңтарында түнгі сағат 22:40 шамасында Көкшетау қаласы ПБ ЖБО қызметкері камералардың көмегімен банк маңындағы Ғабдуллин мен Әуелбеков көшелерінің қиылысында мас болып көрінген адамды байқады, содан кейін ол LADA Priora ВАЗ автокөлігінің рөліне отырып, орнынан қозғалған. 

Жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін түсінген ЖБО инспекторы аталған көліктің соңынан ерген патрульдік полиция қызметкерлеріне дереу нұсқау берді. Автокөлік Баймұқанов көшесі, 118-де тоқтатылды. Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сараптама нәтижелері бойынша, құқық бұзушының ауырлығы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. 

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 

Көлік айыппұл тұрағына қойылды. СҚО тұрғынының айтуынша, ол Көкшетау қаласына мерекеге келіп, көлікті тұраққа қоюды ұйғарған, алайда Көкшетау қаласының тәртіп сақшылары дереу заң бұзушылықты анықтап, оны жауапқа тартты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы