Ақмола облысында Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-да ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Салтанатты іс-шараны Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы Қайрат Айдарбеков ашты. Дәстүр бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері шақырылады.
Конституцияда жарияланған құндылықтарды сақтаумен қатар, Ішкі істер органдарының басымдықтары азаматтардың жоғары сенім деңгейін қамтамасыз ету, қоғаммен, үкіметтік емес сектормен және БАҚ-мен өзара іс-қимыл жасау.
Бұл күні 50-ден астам қызметкер ІІМ, ҚАЖК грамоталарымен, медальдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. “Әділет подполковнигі” аға басшы атағына Абзал Дуанбаев, Шнар Нурмуканова ие болды. “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісі Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлеріне табыс етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада қазақ күресінен турнир өтті
Келесі жаңалық
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы