Ақмола облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 20 желтоқсан, сағат 20:00-де Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқышпен жүретін көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Шектеу енгізілген жол учаскелері:

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» (377–595 шақырым, Қостанайдан СҚО шекарасына дейін);
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» (232–260 шақырым, Қостанай обл. шекарасынан Сұрғанға дейін);
  • «Жақсы – Есіл – Бұзылық» (0–82 шақырым, Жақсыдан Бұзылыққа дейін);
  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ)» (856–915 шақырым, СҚО шекарасынан Жақсыға дейін);
  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол)» (304–341 шақырым, Көкшетаудан СҚО шекарасына дейін);
  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық)» (14–50 шақырым, Көкшетаудан СҚО шекарасына дейін);
  • «Көкшетау – Рузаевка» (0–61 шақырым, Көкшетаудан СҚО шекарасына дейін).

Жолдар 2025 жылғы 21 желтоқсан, сағат 11:00-де ашылады деп жоспарлануда.

Төтенше жағдайлар қызметі мен жол қызметтері азаматтарды сақтық танытуға, алыс жолға шықпауға және ресми ақпарат көздерін бақылауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы