14 Қараша 2026, 14:51 Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысында ер адамды темір бөренелер басып қалды

Оқиға кесу жұмыстары кезінде болған.

Ақмола облысының Ерейментау қаласында түнде ЖШС аумағында кесу жұмыстары кезінде жазатайым оқиға болды. Ер адамды металл арқалықтар басып қалып, өздігінен шыға алмай қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары зардап шеккен адамды металл конструкциялардың астынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ өндірістік және монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.