Ақмола облысында элеватор аумағындағы өрт сөндірілді

Ақмола облысында жасымық қабығының жануы сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Бүгін таңның атысымен Атбасар ауданы Покровка ауылында элеватор аумағында астық кептіру жабдықтарының бірінде ыстық ауа ағынының нәтижесінде жасымық қабығының өртенуі орын орын алды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында, құрылғыдан тыс жанудың таралуына жол берілмеді. 

ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы