Ақмола облысында экстремистік мазмұндағы кітаптар таратылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында экстремистік материалдарды сақтап, таратқан деструктивті діни ағымды ұстанушы жауапқа тартылды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде ұлтшылдық идеология және радикалды бағыттағы, радикалды нәсілшілдік антисемитизм, христианофобия және антисығандық, діни мазмұндағы әдеби кітаптардың таратылғанын анықтады.

Жедел-іздестіру шарасы барысында жарнама авторы – 31 жастағы, бұрын сотталған Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Деструктивті діни ағымды ұстанушы ер адам діни кітаптарды сату мақсатында сайтта жариялаған, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, ҚР ӘҚбК 490-бабының 1-бөлігі, 3-бөлімшесі бойынша материалдар жинақталып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жүргізу үшін жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша, материалдар экстремистік және Қазақстан Республикасы аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынған.

Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ҚР ӘҚбК 490-бабының 1-бөлігі бойынша заң бұзушы жауапқа тартылды. Сот ер адамға 36 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды, - деп толықтырды ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы