Ақмола облысында екі трассада жол бөліктері жабылды

Ақмола облысындағы екі трассада қоғамдық және дизельмен жүретін көлік құралдары үшін жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Сағат 21.00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты Ақмола облысында қоғамдық және дизельді көлік құралдары үшін «Екатеринбург-Алматы» (Астана қаласынан Анар станциясына дейін) және «Астана-Петропавл» (Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін) трассаларының учаскелері жабылды, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы