Ақмола облысында егін жинау науқаны аяқталды

Бүгінгі таңда облыста дәнді-бұршақ дақылдарын жинау науқаны толығымен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел мәлімет бойынша 4,7 млн гектар немесе 100% алқап жиналды. Орташа өнімділік 14 центнерден асып, 6,6 млн тонна астық бастырылды.

Егін жинауға 8,9 мың астық жинайтын комбайн, орақ және жүк көліктері жұмылдырылды.

Астықты 66 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары қабылдауда, олардың жалпы сақтау сыйымдылығы 4,3 млн тоннаны құрайды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы құрылымдарының 2,9 млн тоннадан астам астық сақтайтын 1510 қоймасы және жалпы өнімділігі сағатына 3236,6 тонна болатын 114 астық кептіргіші бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы