Ақмола облысында дәмханалардың бірінен өрт шықты

Ақмола облысында көпқабатты үй өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар өртті жойды.

Степногорск қаласының кафелерінің бірінде 60 шаршы метр алаңда шатырдың өртенуі орын алды. Өрт сөндірушілердің сауатты әрекеттерінің арқасында жақын жерде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйге оттың таралуына жол берілмеді, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы