14 Қазан 2026, 23:24 Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында букмекерлік кеңселерге бәс тіккен шенеуніктер жазаланды

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде екі қызметші де жұмыстан шығарылды.

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге ставка жасаған екі мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды. Бұл туралы аудан прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, олардың бірі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болса, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде екі қызметші де жұмыстан шығарылды.

Прокуратура мемлекеттік қызметшілер заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті екенін еске салды. Мұндай заңбұзушылықтардың әрқайсысына құқықтық баға беріледі.