Ақмола облысында басқарма басшысы пара алғаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусымында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2020 жылы серіктестіктерін көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін кепілдік берілген арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін коммерциялық ұйым өкілдерінен келісілген 30 000 000 теңгеден 13 847 430 теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген Антикордың хабарламасында. 

Үкімді жария ету облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұжымының қатысуымен өтті.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы