15 Қараша 2022 2022, 23:11

Ақмола облысында аялдамаға соғылған көлік өртенді

Оқиға орнында көліктің жүргізушісі жанып кеткен. Полиция жүргізушінің жеке басын анықтауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнында көліктің жүргізушісі жанып кеткен. Полиция жүргізушінің жеке басын анықтауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 қарашада таңғы сағат 05.53-те УЕ Көкшетау қаласының жедел басқару орталығына Әуезов-Подгорная көшелерінің қиылысында «Мерседес-МЛ-320» автокөлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік аялдамаға соқтығысқан, - деді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Өртті сөндіру кезінде көліктің ішінен ер адамның күйген денесі табылды. Полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.