Ақмола облысында ақша бопсалау фактісі әшкереленді

Ақмола облысында прокуратура ақша бопсалау фактісін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарқайың ауданында аудан прокуроры Олжас Уәлиевтің жеке қабылдауына үмітін үзген азамат жүгініп, өзіне қатысты ақша бопсалау дерегі туралы хабарлаған.

Арызданушының айтуынша, күдікті одан ақша талап етіп, күш қолданамын деп қорқытқан.

Аталған факті бойынша прокурор шұғыл шаралар қабылдап, қылмыстық іс Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің кінәсін дәлелдейтін қажетті айғақтар жиналып, іс сотқа жолданды.

Сот қылмыстық істің материалдарын жан-жақты зерделей келе, айыптау тарапымен келісіп, заңды күшіне енген үкім шығарды.

Бұл жағдай прокуратура органдарының жеке қабылдауы азаматтардың құқықтарын қорғауда тиімді тетік болып қала беретінін тағы бір мәрте көрсетті. Себебі азаматтар тікелей жүгіну арқылы формальды жауаппен шектелмей, нақты құқықтық қорғанысқа қол жеткізе алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы