Ақмола облысында әпкесі туған інісін мұрасыз қалдырмақ болған

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен әрекетке қабілетсіз адамның құқықтары қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, Целиноград ауданы прокуратурасы жақын туысы мұрагерліктен заңсыз айырған әрекетке қабілетсіз адамның құқықтарын қорғады.

Әрекетке қабілетсіз азаматының анасы қайтыс болған соң мұра ашылғандығы анықталды. Алайда, оның туған әпкелерінің бірі, нотариустан бірінші кезектегі мұрагер бар екендігін жасырып, 6 ай өткеннен соң, өзінің туған бауырын мұрасыз қалдырып, анасының барлық мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәлікті тек өзіне алған, - делінген ақпаратта.

Аудан прокуратурасымен әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін сотқа мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру және мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы, сонымен қатар әпкесінің мұрагерлік мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралар қабылдай бастауына байланысты аталған мүлікке тыйым салуы туралы өтініш берілді.

Сот прокурордың талап қою арызын толығымен қанағаттандырды, әрекетке қабілеттілігі жоқ тұлғаға мұрагерлікті қабылдау бойынша мерзімі қалпына келтірілді, әпкесіне берілген мұрагерлік құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылды. Соттың шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив
Өзгелердің жаңалығы