Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

АН-2 ұшағы Ақмола облысында апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағының өртенуі орын алды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Шақырылған сәттен бастап 8 минут ішінде ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы