Ақмола облысында алимент төлемеген ана сотталды

Ақмола облысында балаларына алимент төлемеген ана сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақмола облысының прокурорларымен кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды. 

2025 жылы Бұланды ауданы прокуратурасының бастамасымен балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден жалтарған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Аудан прокуратурасы борышкердің міндеттемелерді орындау бойынша шараларды қолданбай ұзақ уақыт бойы әрекетсіз болғанын анықтады. Нәтижесінде оның қарызы 2,2 млн теңгеден асты. 

Сот үкімімен борышкерге бір жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды. Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы