Ақмола облысында әкесі мен баласына найзағай түсіп, мерт болды
Ақмола облысының Зеренді ауданында әкесі мен баласына найзағай түсіп, көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 37 жастағы ер адам мен оның 9 жасар ұлы найзағай басталған кезде мал бағып жүрген. Табиғат құбылысы екеуінің де өмірін жалмады.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы