27 Қыркүйек 2026, 21:49
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Ақмола облысында 91 жастағы қария құтқарылды
Құтқарушылар келген кезде пәтерде газ-ауа қоспасының кейіннен жанусыз тарсылдағаны анықталды.
Ақмола облысында тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы жанусыз тарсылдаған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шақырылды.
Ақмола облысы ТЖД-ның «112» пультіне Сәдуақасов көшесіндегі үйдің пәтерінде тарсыл болғаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар келген кезде пәтерде газ-ауа қоспасының кейіннен жанусыз тарсылдағаны анықталды. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмаған.
Құтқарушылар пәтерден 1935 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға газ баллонын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.