26 Қазан 2024 2024, 07:48 Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысында 7,5 тонна шөп өртенді

Ақмола облысы Бұланды ауданында шөптің жануы сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы Бұланды ауданында шөптің жануы сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Тоқтамыс ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 7,5 тонна шөп өртеніп кеткен.

Өрт сөндірушілер шөпті бөлшектеп, оған дұрыстап су төгіп, өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.