Ақмола облысында 54 отбасы баспаналы болды
Мереке қарсаңында ақмолалық 54 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа пәтерге ие болғандар қатарында көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған жанұялар бар. Биыл өңірде кезекте тұрған екі мыңнан астам ақмолалық қоныс тойын тойлайды.
Жалпы биыл өңірде 2 мыңнан астам жанұяны баспанамен қамту көзделген. Оның 900-ы әлеуметтік осал топтағы отбасы. Өңір басшысы мұндай көрсеткішті тарихи оқиғаға балады.
Екі мыңнан астам Ақмола облысында осы топтарға пәтер беріп жатырмыз. Бұл дегеніміз, 5 жылдың көрсеткіші. Өйткені бұрын осындай 2 мың пәтерді 5-6 жылда беретін едік. Соның бәрін бір жылда бердік. Және мұның тағы бір ерекшелігі, бұл пәтерлер біраз уақыттан кейін бар құндылығымен приватизацияға жатад, - дейді облыс әкімі Марат Ахметжанов.
Ақмола облысында тек соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысына 22 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 600 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілді.