Бүгiн 2026, 11:51
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Ақмола облысында 50-ден астам жұмысшы жалақысыз қалған: 7 миллион теңге қарыз анықталды
Кәсіпорынның 51 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
Ақмола облысында коммуналдық кәсіпорын 51 қызметкерін жалақысыз қалдырған. Ақмола облысының прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жұмыс ақысы үшін берешек өтелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Егіндікөл ауданы прокуратурасымен талдау барысында жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісі анықталды.
«Егіндікөл Су Арнасы» ШЖҚ МКК-нің жалпы сомасы 7 млн теңгені құрайтын жалақы берешегінің қалыптасқаны анықталған. Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Осылайша, кәсіпорынның 51 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да директор жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлегені анықталған.