Ақмола облысында 30 жылқы мұзға батып кетті

Ақмола облысының Бастау ауылында 30 жылқы мұз астына құлап, қырылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиға 15 сәуірде болған. Жылқылар судағы сулы шалғындарда болып, кейін өздігінен шыға алмай қалған. Арнайы техника мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге шабындыққа шықты.

Құтқарушылар мұзды қайықпен жарып өтіп, 100-ге жуық жылқыны аман алып қалды. Алайда 30 жылқы суда қалды.

Атбасар ауданы әкімдігінің мәліметінше бұл Бастау ауылы тұрғындарының жылқылары болған. Ауыл тұрғындары жылқысын бақташыға бағуға берген. Бірақ ауа райы күрт бұзылып, боран соққан кезде бақташылар жылқыларынан айырылып қалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы