Ақмола облысында 2,6 мың адам ҚР азаматтығынан айырылды

Ақмола облысында 3 мыңға жуық адам Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Halyq Uni сілтеме жасап.

Ақмола облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қос азаматтық фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Биылдан бастап Ақмола облысының аумағында қос азаматтығы бар 2617 адамға қатысты азаматтығынан айрылу тіркелді. Олар Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша айыппұл түрінде жаза қолданылып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған 44 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы