Кеше 2026, 20:53 Фото: pixabay.com

Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың жеке деректері жария болып кеткен

Прокуратура интернет-платформаларға жүргізілген мониторинг барысында анықталған мектеп оқушыларының дербес деректерін заңсыз тарату фактілерінің жолын кесті.

Зеренді ауданының прокуратурасы 2294 кәмелетке толмаған баланың конституциялық құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура интернет-платформаларға жүргізілген мониторинг барысында анықталған мектеп оқушыларының дербес деректерін заңсыз тарату фактілерінің жолын кесті.

Анықталғандай, білім беру ұйымдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандар туралы мәліметтерді ашық қолжетімділікке орналастыруға жол берген, бұл қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келеді және олардың конституциялық құқықтарын бұзады.

Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, дербес деректерге қолжетімділік шектелді. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2294 кәмелетке толмағанның конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды.