Ақмола облысында 18 мыңнан астам мал эвакуацияланды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында Ақмола облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Марат Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысында жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 5 мыңнан астам адам тұратын 25 елді мекендегі 2 мың үйді су басу қауіпінен сақтап қалды. 526 тұрғын өз үйлеріне оралған.

18 мыңнан астам мал уақтылы эвакуацияланды. Бұл су тасқыны кезеңінде олардың өліміне жол бермеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта облыстың 5 өңірінде су тасқыны жағдайы тұрақтанды, ең жоғары көрсеткіштер төмендеді. Бұл - Степногорск қаласы, Біржан сал ауданы, сондай - ақ Ақкөл, Ерейментау және Егіндікөл аудандары, - Марат Оспанов.

Өңірдегі су тасқыны жағдайы бойынша Есіл, Жарқайың және Шортанды аудандарында, Атбасар, Сандықтау және Астрахан аудандарында Жабай және Колутон өзендерінің қозғалысы кезінде қауіп әлі сейілмеген.

Елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 32 шақырым үйінділер тұрғызылып, су объектілерінің 18 шақырымдық жағалау сызығы нығайтылды. Су тасқынына қарсы күреске барлығы 2,5 мың адам, 1 мыңнан астам техника, мотопомпалар мен жүзу құралдары жұмылдырылды. Өзара іс - қимыл шеңберінде ТЖ, қорғаныс және ішкі істер министрліктері су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту үшін қосымша күштер мен құралдарды ауыстырды, - деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы