Ақмола облысында 1700-ден астам тұлға абаттандыру ережелерін бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абаттандыру ережелерін сақтау мәселесі қала үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Бұл туралы облыстық ПД хабарлады. 

 Жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға учаскелік инспекторлар қала тұрғындарына, ұйым иелеріне, жеке кәсіпкерлерге, ПИК-ке қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша аулаларды аралау барысында жүгінеді. Учаскелік инспекторлар мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері кәсіпорындардың, дүкендердің иелерімен және жеке үйлердің иелерімен жұмыс жүргізеді, түсіндіреді, ескертеді және хабарландыру береді.

 2022 жылдың басынан бастап қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес және бекітілген аумағын қатты-тұрмыстық қалдықтардан, құрылыс және ірі габаритті қоқыстардан уақтылы және тиісінше жинамағаны үшін Ақмола облысының аумағында 1766-дан астам субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың бір бөлігі ескертілді.

Мысалы, рейдтік іс-шаралар барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады, қаланың тұрғын шетінде құрылыс қоқыстарын түсіруге жол берген жүк автокөлігінің жүргізушісіне қатысты 20 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылды, - делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы