Кеше 2026, 22:24
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Ақмола облысында 1,5 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді
Мамандардың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Бүгін Ақмола облысы Бурабай ауданы Баянбай ауылы маңында құрғақ өсімдіктердің өртенуі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде тілсіз жау 1,5 гектар аумақта толықтай сөндірілді.
Мамандардың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. Өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.