Ақмола облысында 10 тонна шөп өртенді
Степногорск қаласының өрт сөндірушілері шөптің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін кешке Бестөбе кентінде ашық аумақта жүк көлігінің тіркемесінде 10 тонна шөп өртенді.
Автокөлікке таралу қаупі тіркемеден ашық жерге шөпті түсіру арқылы жойылды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы