Ақмола облысына әлемнің 80-нен астам елінен туристер келді
Ақмола облысындағы креативті индустрия жәрмеңкесіне әлемнің 80-нен астам елінен туристер келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде xX-WATERS Kazakhstan 2025 халықаралық жүзу аясында жергілікті суретшілер мен қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Әлемнің 80-нен астам елінен келген туристер 1 000 000 теңгеге жуық өнімін өткізген шеберлердің жұмыстарымен танысып, сатып алды.
Іс-шараның басты мақсаты - өнер иелеріне жағдай жасау және олардың шығармашылығын коммерцияландыруға қолдау көрсету.
Айта кетерлігі, кәсіпкерлерге алаңды тегін ұсына отырып, өңірде мұндай жәрмеңкелерді тұрақты өткізу жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы