Ақмола облысы Жарқайың ауданында азық-түлік қайықпен жеткізілуде

Есіл өзенінің арнасынан шығуына байланысты Ақмола облысының Жарқайың ауданында азық-түлік пен дәрілік заттар моторлы қайықпен тасымалдануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

Есіл өзенінің төгілуіне байланысты Жарқайың ауданының Баранкөл ауылымен автомобиль қатынасы болмағандықтан, Жарқайың ауданы ТЖБ қызметкерлері және Ақмола облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен қосымша азық-түлік пен дәрілік заттарды тасымалдауда, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ауылдан жасөспірім эвакуацияланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы