Ақмола облысы тұрғындары айына қанша теңге жалақы алады
Ақмола облысы тұрғындарының орташа айлық жалақысы қанша теңге екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен брифингте өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсартылып келе жатқанын айтты.
Жұмыс істеймін деген азаматтарға қолайлы жағдай жасалып жатыр. Орташа жалақы 2022 жылы 240 мың теңге болса, қазір 333 мың теңге. Бұл жалғасын табады. Өйткені айтып кеткен жобалар, мысалы, терең өңдеу және т.б. жұмыстар жалақыны көтеруге, кірісті көтеруге оң септігін тигізеді. Ал кіріс көбейсе, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады, - деді әкім.
Марат Ахметжанов 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік осал топтан шыққан балалар тегін тамақтанатынын және басқа да әлеуметтік қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ кәсіп ашуға төмендетілген несие берілетінін екенін айтты.
Еске сала кетейік, осыған дейін Көкшетауда ЖЭО салынатыны туралы жазғанбыз. Ақмола облысының фермерлері астық жинаудан рекорд жасағаны туралы да жаздық. Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен брифингте су тасқыны салдары қалай жойылғанын айтты.