Ақмола облысы Қоянды ауылында 3 жеке үй су астында қалды
Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ,KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қоянды ауылындағы Целиноград ауданында ауа температурасының жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 3 жеке үй мен 2 уақытша тұрғын үй құрылыстары су астында қалды, - делінген хабарламада.
Астана қаласы мен Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдары және ЖАО жеке құрамынан шамамен 42 адам және 20-ға жуық бірлік техникасы жұмыс жасауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы