Ақмола облысы прокуратурасы кәсіпкер құқын қорғады

Бұланды ауданы прокуратурасының Мобильді тобына ұйымның банктік шотын бұғаттау мәселесі бойынша ЖШС басшысы жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның Телеграм каналына сілтеме жасап.

Тексеру жүргізу кезінде бақылау органы ЖШС-ні тағайындау, тексеру нәтижелері туралы актілермен, сондай-ақ шығарылған нұсқамамен таныстырмағаны анықталды. 

Бұдан әрі тексеру материалдары банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жолымен 20-еселенген салықты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін мемлекеттік кіріс органдарына жіберілді. 

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылды және күші жойылды, 700 мың теңгеден астам сомаға 20-еселенген салық бойынша ақшалай қаражат қайтарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы